Ашық есік күні балалармен және ата-аналармен жұмыстың бір түрі, бұл олардың білім беру мекемесімен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, оқу-тәрбие үдерісімен танысу мүмкіндігін береді.
2026 жылдың 11 наурызында «Қостанай қаласы білім беру бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ-де №40 балабақшаның тәрбиеленушілері мен ата-аналары үшін Ашық есік күні өтті. Бірінші сынып мұғалімдерімен танысты. Болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар сынып бөлмелерін, кітапхананы, спортзалын, робототехника бөлмесін, акт залын және әрине асхананы аралады, аспаздар балаларды ұлттық тағам - бауырсақпен сыйлады!