oC
2026 жылдың 16 сәуірінде «Қостанай қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін директордың оқу жұмыс жөніндегі орынбасарлары, ИҚК әдіскерлері және арнайы педагогтар (45 адам) үшін қалалық семинар өтті Семинардың тақырыбы: «Жаңартылған нормативтік база жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру». Семинардың негізгі мақсаты өзекті нормативтік өзгерістерді ескере отырып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерінде мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды. Семинар спикерлері: Абдигалиева Арайлым Кайырбековна, педагогика ғылымдарының магистрі, аға әдіскер «педагог-зерттеуші», «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Мукашева Айгуль Аскарбековна, ИҚК әдіскері, «Қостанай қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы ЖБМ» КММ Семинардың практикалық маңыздылығы Білім беру ұйымдарында қолдаудың тиімді модельдерін енгізу бойынша практикалық кейстер мен ұсыныстарға ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерінің кәсіби қызметінде қолдану үшін нақты құралдар алды. Семинар қорытындысы Семинар жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өтті. Қатысушылар ұсынылған ақпараттың өзектілігін, оның практикалық бағыттылығын және инклюзивті білім беру жағдайында одан әрі жұмыс істеу үшін маңыздылығын атап өтті. whatsapp-image-2026-04-16-at-15_35_54 whatsapp-image-2026-04-16-at-15_36_22