oC

1

07.04.2026 жылы 9-сынып оқушыларының ата-аналары үшін «9-сынып оқушыларын ББЖМ және қорытынды аттестацияға дайындау» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты – ата-аналарды ББЖМ және қорытынды аттестацияның мақсаттары мен ерекшеліктері туралы ақпараттандыру.

Кездесу барысында ата-аналарға оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау форматтары, қорытынды бағалау, тапсырмалардың құрылымы, орындалу мерзімі, қатысушыларға қойылатын талаптар туралы өзекті ақпарат берілді.

Пән мұғалімдері әр оқушының ата-аналарымен жеке жұмыс жасап, олардың ББЖМ және қорытынды бағалауға дайындық деңгейін анықтады.

Ата-аналарға белсенділік танытып, ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз! Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы – біздің оқушылардың табысының негізі.

1