2026 жылғы 17 сәуірде Қостанай облыстық Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университетте шет тілдері кафедрасында жыл сайынғы студенттік ғылыми-практикалық конференция «Жас зерттеушінің көзімен ғылым» өтті. Бұл конференцияда 7 секция жұмыс істеді: 1-6 секция - ҚРУ студенттері, 7-секция - Қостанай қаласының мектеп оқушылары. Жүсіпбек Малика 10 сынып және Жусупбекова Аида 11 сынып ғылыми жетекшісі Бердыгулова Гүлзайра Тәліповна басшылығымен өз командасын лайықты түрде таныстырып, 10 команда арасынан құрметті 2-орынды иеленді. Байқауға ең мықты қарсыластар — гимназиялар мен лицейлердің оқушылары жиналды, алайда жоғары бәсекелестікке қарамастан қыздар тамаша білімдерін, сенімділігін және жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Олардың көрсеткен өнері мақсаттылықтың, еңбекқорлықтың және жеңіске ұмтылыстың жарқын болашағы болды. Қатысушылар мен олардың жетекшісін лайықты жетістігімен құттықтаймыз және болашақтағы жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!


